Құрметті ата – аналар !
«Күншуақ» балабақшасы 2015 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Балабақшада 4 топ балалары қазақ тілінде тәрбие алады. Біздің басты міндетіміз мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке, патриоттық тұрғыда тәрбиелей отырып ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылымның жетістіктеріне негізделген тұлға тәрбиелеуге тиісті жағдай жасау.
Кәсіпорынның тәрбие мен білім беру қызметі мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде дайындалған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Балабақшаның материалдық базасы талаптарға сай жасалынған: топ бөлмелері, музыкалық зал, асхана, дәрігерлік қызмет, психолог кабинеттері толық жабдықтармен қамтылған.
Педагогикалық ұжым білімді, жаңалыққа жаны құштар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандардан құралған. Тәрбиеленушілеріміз бен педагогтарымыз әр түрлі деңгейдегі байқауларға, тренингтерге, семинарларға қатысып, алғыс хаттар мен сертификаттарды иеленіп отыр.
Балабақша басшысы: Султанова А.Б.Іскер басшылықтың арқасында ұжым мүшелері отбасымен бірлесе отырып, еліміздің жарқын болашағы болып табылатын тұлға қалыптастыру мен дамыту ісіне ерекше көңіл бөлуде. Балабақша басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асырудағы кәсіби шеберлігі мен жоғары белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталған.
Атауы: |
ЖК «Султанова Айнур Армановна»,«Күншуақ» жеке балабақшасы |
Тәрбие беру тіл: |
Қазақ |
Түрі: |
Жеке |
Негізгі құны, айына: |
1-ден 5 жасқа дейінгі топ – 30 000 теңге |
Жұмыс тәртібі: |
Бес күндік жұмыс аптасы, 07:30-дан 18:00 дейін |
Кезекші топ: |
Бар |
Телефон: |
+7 (7112) 20-24-80 |
Мекен-жай: |
Орал қаласы, Б.Жуманиязов атындағы көшесі, 42/1 үй |
Республикалық «Ұлы дала ұрпақпары» байқауынан Бас жүлде. Алматы қаласына жолдама алдық.
Алматы қаласы «Атадан мұра» республикалық байқауы Бас жүлде